Сұрақтарыңыз бар ма?

Толық ақпарат алу үшін өтінішті толтырыңыз:
EXPO Plaza-да кешен тұрғындарын ерекше жайлылыққа бөлеу үшін әрбір деталь ойластырылған.

EXPO Plaza кешенінің аумағында қазіргі заманғы комьюнити-орталық орналасады.

Фитнеспен, пауэрлифтингпен айналысуға арналған қазіргі заманғы залдары мен йога-орталығы бар кең спорт кешені спорт сүйер қауым үшін жағымды қосымша болмақ.

Отбасылық мерекелер, балалардың сауық кештері, достық кездесулер үшін салтанат Залы қарастырылған. Әдемі интерьер, ыңғайлы жиһаз, музыкалық аппаратура, асүйлік жай осында көп дос-жаранды жинап, уақытты жақсы өткізуге мүмкіндік береді.

Тұрғын үй кешенінің балғын тұрғындары уақытын ойын орталығында көңілді өткізе алады. Мұнда әр бала өзі қызығатын нәрсе мен көптеген жаңа достар табады.

Бала ойынға алданып отырғанда сіздің бірнеше сағатты өзіңізге арнауыңызға – сұлулық салонына баруға, сәнді бутикте сауда жасауға, жайлы кофеханада достарыңызбен кездесуге мүмкіндік туады. Осының барлығын, тіпті, бұдан да көп игіліктерді Сіз EXPO Plaza тұрғын үй кешенінен табасыз.

EXPO Plaza аумағында тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық кабинет қарастырылған. Білікті медициналық қызметкер санаулы минуттардың ішінде барлық қажетті көмекті көрсете алады.