Сұрақтарыңыз бар ма?

Толық ақпарат алу үшін өтінішті толтырыңыз:
  • Выставочный комплекс EXPO 2017 Торгово-развлекательный центр Назарбаев Университет Экопарк Школа Национальная Академия хореографии Ботанический сад Линейный парк Ледовый дворец "Алау" Республиканский велотрек "Сарыарка" Спортивный комплекс "Астана Арена"
EXPO Plaza тұрғын үй кешені EXPO 2017 көрме кешенінің аумағында Қабанбай батыр мен Ұлы Дала көшелерінің қиылысында орналасқан.

EXPO Plaza айналасында Астана өмір сүру, бизнес пен ойын-сауық үшін ұсына алатын ең таңдаулардың барлығы орын тепкен.

Тұрғын үй кешенінің қарама-қарсысында Назарбаев Университет орналасқан, жанында хореография Ұлттық Академиясы, Назарбаев Зияткерлік мектебі мен ботаникалық бақ салынып жатыр. EXPO 2017 көрме кешені толық тұрғызылып бітуге таяу қалғанда 900 орындық мектеп пен 200 орындық балабақша, эко-парк салынады.

EXPO Plaza тұрғындары үшін қала өмірі қайнап жатыр. Өнер орталығы, Қазақстанның Ұлттық музейі, Концерт залы, төрт және бес жұлдызды қонақүйлер, әдемі мейрамханалар, жайлы кофеханалар Сіздің жаңа үйіңізден бірер қадам жерде болады және әр күніңіздің қызықты оқиғаларға толы болуына мүмкіндік береді.

4
тұрғын үй орамы
30
кешеннің периметрі бойымен 30 метрлік жасыл саябақ
1
жақын маңда 1 мектеп

EXPO Plaza керемет инфрақұрылыммен қоршалған. Кешеннің архитектуралық ансамблі сәнді shopping-street-ті қамтиды. Мұнда әлемнің үздік брендттерін ұсынатын сәнді бутиктер орын тебеді. Shopping-street сізді EXPO 2017 көрмесінің ашылуына таяу салынатын Қазақстандағы Mega Silk Way үлкен сауда және ойын-сауық орталығына алып келеді.

Тұрғын үй кешенінен бірер минуттық жерде жылдың барлық маусымына арналған үлкен мұз айдыны бар «Алау» мұз сарайы, «Астана Арена» спорт кешені, спорт түрлеріне арналған спорт залдары, фитнес-орталық, бассейн, баскетбол алаңы мен жылдың барлық маусымына арналған мұз айдыны бар «Сарыарқа» республикалық велотрегі орналасқан.

EXPO Plaza периметрі бойымен көркем суретін Астананыкіне ұқсас ауа райы жағдайында парктер салуда үлкен тәжірибесі бар канадалық ландшафтты дизайнерлер кескіндеген әдемі жасыл парк отырғызылуда.