Сұрақтарыңыз бар ма?

Толық ақпарат алу үшін өтінішті толтырыңыз:
EXPO Plaza тұрғын үй кешені ең қатаң халықаралық стандарттарға сай салынуда.

EXPO Plaza тұрғын үй кешенінің үйлерін салу барысында қазіргі заманғы материалдар мен технологиялар пайдаланылуда. Осының нәтижесінде сіздің пәтеріңізде қашанда өмір сүруге арналған жайлы орта – жоғары сапалы ауа, жоғары жылу сипаттамалары, төмен дыбыс өткізгіштік болады, сонымен қатар, энергия ресурстары мен пайдалану шығындары азаяды.

Барлық құрылыс материалдары Астананың ауа райы ескеріле отырып таңдалған. Ағаш текстуралы қасбеттің аспалы вентиляцияланбалы панельдері мен хризотилцементті плиталар жылу және дыбыс өткізбеудің жоғары көрсеткішін қосымша қамтамасыз етеді.

Үйлердің витражы мен терезелерінің шынылары энергия үнемдеу жабыны бар екі камералы шыныпакеттен қойылады.

Тұрғын үй кешенінің EXPO 2017 аумағында орналасуының арқасында EXPO Plaza-дағы өмір қауіпсіздіктің ең жоғарғы деңгейіне сай келеді. Кешеннің аумағы күндіз-түні бақыланады. Қауіпсіздіктің кешенге кіруді бақылау енетін көпдеңгейлі жүйесі EXPO Plaza тұрғындары мен қонақтарының тыныштық пен отбасының амандығы және мүліктерінің түгелдігіне сенімділікті сезінуіне мүмкіндік береді.