Сұрақтарыңыз бар ма?

Толық ақпарат алу үшін өтінішті толтырыңыз:
EXPO 2017 - Астананың әсемдік жөнінен еуропаның кез-келген астанасымен таласа алатын жаңа орталығы!

EXPO 2017 аумағында ғаламат құрылыс жүріп жатыр! Таяу уақытта-ақ жаңа архитектуралық үздік туындылар қалаға көрік беріп, дәуіріміздің нышанына айналмақ.

Мұнда қатысушы елдерге арналған тақырыптық павильондар, жабық саяжол, коммерциялық павильон, энергия Залы, корпоративтік павильондар, амфитеатр, арт-орталық, конгресс-орталық, төрт және бес жұлдызды қонақүйлер, кеңсе ғимараты, репетиция залы, энергияларды зерттеу Орталығы, Қазақстандағы ең үлкен сауда ойын-сауық орталығы - Mega Silk Way, мектептер, балабақшалар, эко-парк салынуда.

176 000
м2
EXPO 2017 жасылдандыру аумағы
97 га
Ботаникалық бақ аумағы
8 шақ
Велосипед жолының ұзындығы

ЕХРО 2017 жасыл желекпен көмкерілген – жасылдандыру аумағы 176000 м2. Көрме кешенінің бүкіл аумағында ұзындығы 8 шақырым болатын велосипед жолдары бар парк аймағы мен отбасы демалысына арналған көптеген жайлы орындар бар.

EXPO 2017 аумағында 97 га жерді алатын парктер мен балалар аттракциондары бар ботаникалық бақ орналасады. EXPO 2017 алаңынан Сығанақ көшесіне дейін желілік парк салынады.